Hotpoint OL 1038 LI RFH (DS) Instruction for Use Page 35

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 36
  • Table of contents
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 34
KZ
35
Жөндеу және күтім
Құрылғыны өшіру
Кез келген бір жұмысты бастамастан бұрын құрылғыны тоқтан
ажыратыңыз.
Құрылғыны тазалау
Пештің алдыңғы жағындағы аздаған айырмашылықтар әртүрлі
материалдардың, яғни шыны, пластмасса немесе метал,
қолданылғандықтан болады.
Пеш есігінде жолақтарға ұқсайтын көлеңкелі аймақтар пеш шамы
жарығының шағылуынан пайда болады.
Эмаль өте жоғары температурада жабыстырылады. Бұл процесс
түстердің әртүрлі болуына себеп болуы мүмкін. Бұл қалыпты жағдай
және құрылғының жұмысына ешбір түрде әсер етпейді. Металдың
жұқа жиектерін толығымен эмальмен қаптау мүмкін емес, сондықтан
олар қапталмаған болып көрінуі мүмкін. Бұл тот басудан қорғауға
кері әсер етпейді.
Тот баспайтын болат немесе эмальданған сыртқы бөліктер және
резеңке тығыздағыштар жылы суға малынып, түссіз сабын жағылған
губкамен тазартылады. Қиын дақтарды кетіру үшін арнайы өнімдерді
пайдаланыңыз. Жуып болған соң оны шайып, мұқият құрғатыңыз.
Қатты ұнтақтарды немесе таттандыратын заттарды пайдаланбаңыз.
Пештің іші әрбір қолданғаннан кейін жылы кезінде мұқият тазалануы
тиіс. Ыстық су мен тазартқышты пайдаланыңыз, одан кейін
шайып, жұмсақ шүберекпен құрғатып сүртіңіз. Қырғыш заттарды
пайдаланбаңыз.
Сырғымалы тартпалардан басқа барлық керек-жарақтар күнделікті
ыдыстар сияқты жуылуы мүмкін, тіпті оларды ыдыс жуғыш машинаға
жууға болады.
Тазартқыш заттарды басқару тақтасына тура бүрікпей, ысқыш
шүберекті қолданып тазалаған дұрыс.
! Құрылғыда ешқашан бу тазартқышты немесе шаңсорғышты
пайдаланбаңыз.
Пеш есігін тазалау
Пеш есігінің әйнегін ысқышпен және қырғыш емес тазартқыш
құралдармен тазалап, жұмсақ шүберекпен мұқият құрғатыңыз. Қатты
қырғыш затты немесе өткір темір қырғыштарды пайдаланбаңыз, себебі
олар әйнек бетін тырнап, оның сынуына әкелуі мүмкін.
Мұқият тазалау үшін пештің есігін алып тастауға болады.
1. Пеш есігін толық ашыңыз (сызбаны қараңыз).
2. Шығарып алу үшін бұрағышты пайдаланыңыз және F екі ілгекке
орналасқан (сызбаны қараңыз) кішкентай тұтқаларды бұраңыз.
F
3. Есікті екі жағынан қатты ұстап, жартылай
жабыңыз. Оны өзіңізге қарай орнынан
көтере тартыңыз (сызбаны қараңыз).*
Есікті орнына қою үшін осы іс ретін кері
орындаңыз.
Тығыздағыштарды тексеру
Пештегі есік тығыздағыштарын жиі тексеріп тұрыңыз. Егер тығыздағыштар
зақымдалған болса, жақын жердегі Сатудан кейін қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз (“Көмек” бөлімін қараңыз). Тығыздағыштар
ауыстырылғанға дейін пешті пайдаланбауды ұсынамыз.
Шамды ауыстыру
Пештің шамын ауыстыру үшін:
1. Шам ұясының шыны қақпағын
алыңыз.
2. Шамды алып, оны сондай басқа
шаммен ауыстырыңыз: галогенді
шам 230 В, 25 Вт, G 9.
3. Шыны қақпақты орнына қойыңыз
(сызбаны қараңыз).
! Шамды бірден қолыңызбен ұстамаңыз.
! Пеш шамын бөлмені жарықтандыру үшін қолданбаңыз
Сырғымалы тартпалар жиынын орнына салу
Сырғымалы тартпаларды
құрастыру үшін:
1. Екі жақтауды A бөлгіштерінен
алысырақ көтеріп, шығарыңыз
(сызбаны қараңыз).
2. Сырғымалы тартпамен қайсы
сөренің пайдаланылатынын
таңдаңыз. Сырғымалы тартпа
шығарылып алынатын бағытқа
назар аудара отырып, B ілмегін,
одан кейін С ілмегін жақтауға
орналастырыңыз.
3. Пеш қабырғаларындағы
тесіктерді пайдаланып,
бағыттаушы жолдардың
көмегімен бекітіңіз (сызбаны
қараңыз). Сол жақ жақтауға
арналған тесіктер жоғарыда,
ал оң жақ жақтау үшін тесіктер
төменде орналасқан.
4. Ең соңында жақтауларды A
бөлгіштеріне орналастырыңыз.
! Сырғымалы тартпаларды 5-позицияға қоймаңыз.
A
B
C
D
Page view 34
1 2 ... 30 31 32 33 34 35 36

Comments to this Manuals

No comments