Hotpoint GPN 64 NI RFH Instruction for Use Page 26

  • Download
  • Add to my manuals
  • Print
  • Page
    / 28
  • Table of contents
  • TROUBLESHOOTING
  • BOOKMARKS
  • Rated. / 5. Based on customer reviews
Page view 25
26
KZ
Бұл нұсқаулар тек нұсқаулық пен сериялық нөмір тілімшесінде
таңбалары көрсетілген елдер үшін жарамды.
Құрылғы үйде қолдануға арналған, оны коммерциялық немесе
өндірістік тұрғыда қолдануға болмайды.
Жабық жер болса да, құрылғыны сыртта қолданбау қажет. Құрылғыны
қорғаусыз жаңбыр мен боранда қалдыру аса қауіпті.
Құрылғыны жылжытқанда немесе орналастырғанда пештің бүйіріндегі
тұтқаларды пайдаланыңыз.
Құрылғыны жалаң аяқ немесе ылғал не дымқыл қолмен, аяқпен
түртпеңіз.
Құрылғыны кітапшада берілген нұсқауларға сай, тек ересек
адамдар ғана тағам дайындау мақсатында пайдалануы тиіс.
Құрылғыны басқа түрде пайдалану (мысалы, бөлмені жылыту
үшін) дұрыс емес әрі қауіпті. Өндіруші құрылғыны тиісті, дұрыс
және саналы түрде пайдаланбау нәтижесінде пайда болған кез
келген зақымға жауапты болмайды.
Басқа электр құрылғыларына арналған электр кабельдері пештің ыстық
бөліктеріне жақындамайтынын тексеріңіз.
Желдету және ыстықты салқындатуға арналған ашық жерлерді
ешқашан жаппау керек.
Құрылғыны қолданбаған кезде тұтқалардың "●"/"○" күйінде тұрғанын
тексеріңіз.
Құрылғыны өшіргенде штепсельдік ұшты желі розеткасынан әрдайым
ажыратыңыз, кабельден тартып суырмаңыз.
Штепсель айырын электр желісінен ажыратпастан тазалау немесе күтім
көрсету жұмыстарын ешқашан жасамаңыз.
Егер құрылғы істен шыққан болса, ешбір жағдайда жөндеу жұмысын
өзіңіз жасамаңыз. Тәжірибесіз адам тарапынан жасалған жөндеу
жұмыстарынан құрылғының істен шығуы немесе жарамсыз болып қалуы
мүмкін. Қызмет көрсету орталығымен байланысыңыз ("Көмек" бөлімін
қараңыз).
Тұрақсыз немесе майысқан табаларды қолданбаңыз.
Газ оттықтары немесе электр конфоркалар әлі ыстық болғанда шыны
қақпақты (бар болса) жаппаңыз.
Құрылғыны физикалық, сезімталдық және психикалық қабілеттері
төмен адамдар (балалар да кіреді), тәжірибесіз немесе өнімнен
хабары жоқ кез келген адамның қолданбауы тиіс. Мұндай адамдарға,
кем дегенде, қауіпсіздіктерін қамтамасыз ететін біреулер жетекші
болуы керек немесе құрылғының жұмысына қатысты кіріспе
нұсқаулары берілуі тиіс.
Балаларға құрылғымен ойнауға рұқсат етпеңіз.
Құрылғы сыртқы таймермен немесе бөлек қашықтан басқару
жүйесімен басқарылуға арналмаған.
Жою
Орауыш материалды жойған кезде: орауышты қайта пайдалануға
болатындай етіп жергілікті заңнаманы ұстаныңыз.
Жарамсыз электрлік және электрондық жабдық бойынша (WEEE)
2002/19/EU Еуропалық директивасы ескі тұрмыстық құрылғыларды
қалыпты сұрыпталмаған тұрмыстық қоқыс құбырына жоюды талап
етеді. Ескі құрылғылар ішіндегі материалдардың қалпына келтірілуін
және қайта өңделуін оңтайландыру және адам денсаулығы мен
қоршаған ортағы әсерін азауту үшін ескі құрылғыларды бөлек жинау
ұсынылады. Өнімдегі үсті сызылған “қоқыс себеті” белгісі құрылғыны
жойған кезде бөлек жинау қажеттілігі туралы ескертеді.
Тұтынушылар өзінің ескі құрылғыларын жою туралы мәліметтер алу
үшін жергілікті үкіметке не делдалға хабарласуы керек.
Қоршаған ортаны сақтау және қорғау
Шойын пісіру беттерді ас дайындау үрдісі аяқталғанға дейін 10 минут
бұрын, ал әйнек пісіру беттерін дайындау үрдісі аяқталғанға дейін
5 минут бұрын өшіру арқылы ыстық плитаның қалған жылуының
максималды тиімділігін қамтамасыз.
Құмыраның немесе кастрөлдің негізі пісіру бетін жауып тұруы тиіс.
Егер ол кішкентай болса, энергия қуаты көп жұмсалатын болады,
нәтижесінде ыдыстағы сұйықтық қайнап кетуі салдарынан пісіру
бетінде кетіруге қиын қалдықтар пайда болады.
Азық-түлікті жабық құмыраларды немесе қақпағы тығыз жабылатын
кастрөлдерде сақтаңыз және суды аз қолданыңыз. Қақпақсыз
дайындаған жағдайда, энергия көп жұмсалатын болады.
Түбі тегіс құмыралар мен кастрөлдерді пайдаланыңыз.
Асты ұзақ уақыт бойы дайындаған жағдайда, екі есе жылдам
дайындайтын және үштен бір энергия қуатын үнемдейтін жылдам
қайнатқышты қолданыңыз.
Тасымалдау және сақтау.
Пісіргіш панельдерін түпнұсқа орауыш ішінде көлденең күйде
тасымалдау керек.
Тасымалдау және сақтау кезінде пісіргіш панельдерін атмосфералық
әсерлерден және механикалық зақымдалудан қорғаңыз.
Панельді жылытылмаған бөлмеде минус 50°С және плюс 40°С
температура аралығында орауыш ішінде сақтау керек (газ пісіргіш
панелі).
Панельді жылытылған бөлмелерде плюс 5°С және плюс 40°С
температура аралығында орауыш ішінде сақтау керек (aралас пісіргіш
панель).
Жөндеу және күтім
Құрылғыны өшіру
Кез келген бір жұмысты бастамастан бұрын құрылғыны тоқтан
ажыратыңыз.
Конфорка бетін тазалау
Барлық эмаль жағылған және әйнек бөліктер жылы су және
нейтралды тазалағыш затпен тазалануы тиіс.
Тат баспайтын болат беттер тым ұзаққа жанасып қалса, әкті су
немесе қатты тазалағыш заттармен кірленуі мүмкін. Кез келген тағам
қалдықтары (су, тұздық, кофе, т.б.) құрғатылуына дейін тазалануы
тиіс.
Жылы су және нейтрал тазалағыш затпен тазалаңыз және кейін
жұмсақ матамен немесе күдерімен құрғатыңыз. Қатып қалған кірді
тат баспайтын болат беттерге арналған тазалағыштармен тазалаңыз.
Tат баспайтын болатты тек жұмсақ мата немесе сүлгімен тазалаңыз.
Қатты немесе күйдіргіш өнімдерді, хлор негізіндегі тазалағыштарды
немесе металл ысқыштарды пайдаланбаңыз.
Бу тазалағыштар құралдарды пайдаланбаңыз.
Жанғыш өнімдерді пайдаланбаңыз.
Сірке суы, қыша, тұз немесе лимон шырыны сияқты қышқылды
немесе сілтілі заттарды плитада қалдырмаңыз.
Конфорка бөліктерін тазалау
Торталар, конфорка қақпақтары және конфоркалар тазалану үшін
алынуы мүмкін.
Оларды кез келген тағам қалдықтарын алып, конфорка
саңылауларының бітелмегенін тексере отырып қолыңызбен жылы
суды және ысқыш емес тазалағышты пайдаланып тазартыңыз.
Шаю және құрғату.
Конфоркалар мен конфорка қақпақтарын тиісінше сәйкес орындарына
қайта орнатыңыз.
Торларды ауыстыру кезінде табақтар орнатылатын аймақ
конфоркамен сәйкестендірілгеніне көз жеткізіңіз.
Page view 25
1 2 ... 21 22 23 24 25 26 27 28

Comments to this Manuals

No comments